Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері шаңғы жарысында үздіктерді анықтады

Солтүстік Қазақстан облыстық «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы шаңғы жарысы бойынша дәстүрлі жарыс  өтті. Жарысқа қоғамның 17 дене шынықтыру ұжымы қатысты. Спорттық мерекені полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров ашты. Ол спортшыларға  лайықты өнер көрсетіп, жеңістерге қол жеткізуді тіледі. Таза ауадағы қысқы спорт түрлері төзімділікті, рухты нығайтады. Жарысқа бірінші болып қыздар шықты. Қашықтықты еңсеру үшін СҚО ПД аға лейтенанты Татьяна Долбышева 1-ші орынды иеленді. Мәреге 2-ші болып 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгері Оксана Борсай жетті. Қыздар арасында 3- орынды Мамлют аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Юлия Волошина иеленді. Ерлер арасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі кіші сержант Алексей Михеев үздік нәтиже көрсетті. Бірнеше секундқа  кешігіп келген Ұлттық ұлан академиясының өкілі қатардағы жауынгер Ердәулет Жанғалиден 2-орынға жайғасты. Үшінші орынды лейтенант Бақытжан Жанғулин иеленді. Жалпы командалық біріншілікте спартакиаданың бірінші түрінің чемпиондары атағы Ұлттық ұлан Академиясына берілді. Екінші орын – 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне берілді. Үшінші орынды облыстық полиция департаментінің командасы иеленді.