Штаттық команданың жаңа басшысын тағайындау және басқа да өзекті мәселелер туралы…

Бүгін «Динамо» ДШСҚ ҚБ бас кеңсесінде (Алматы қ.) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының штаттық спорт командасы мен «Динамо» ДШСҚ ҚБ  басшылығының бірлескен отырысы өтті. Кездесу барысында штаттық команданың кейбір мүшелерінің спорттағы келешегіне қатысты мәселелер қаралды, сондай – ақ команданы дайындау орталығының жаңа бастығы — бас жаттықтырушы полковник Руслан Беркімбайұлы Жақыпековті  Ұлттық ұлан жүйесінде басқа жұмысқа ауысқан полковник Сәтжан Әбішев таныстырды.
«Динамо»  ДШСҚ ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов Руслан Жақыпековтың жұмысына табыс тілеп, жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.