Ақмола облысы полиция департаментінің мұражайында халықаралық дәрежедегі спортшы-полиция қызметкерлерімен  жас динамошылар кездесті.

Қазақстан Республикасының Спорт Күні қарсаңында Ақмола облысы полиция департаментінің мұражайында халықаралық дәрежедегі спортшы-полиция қызметкерлерімен  жас динамошылар кездесті. Балалардың назарына әр жылдардағы полиция қызметкерлерінің марапаттарының көрмесі және спорттық жетістіктерінің тарихы ұсынылды. Жас спортшылар мен жай ғана оқушылар есте қаларлық спорттық оқиғалардың тарихына еніп, Интернет және ұялы байланыс болмаған алыс жылдары спорттық жарыстардың қалай өткенін біле алды. Оқушылар облыстың даңқын  шығарған әлем рекордсмендерінің есімдерін біліп, біздің атақты спортшылармен әңгімелесті. Олардың әңгімелері мен қызықты диалогтары балаларды  қызықтырды!  Департамент бастығы, «Динамо»  ДШСҚ филиалының төрағасы, полиция генерал-майоры Таев Думан Ашкенұлы балаларды қарсы алып, ол да оларға өзінің спорттық, өмірбянын, қалай самбо күресінен спорт шебері болғанын, ҚР ІІМ чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанғанын айтып берді.  

Балаларды жедел басқару орталығының жұмысымен таныстырғаннан кейін және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне Даңқ аллеясын аралады.  Содан соң балалар спорт күніне орайластырылған 16 жасқа дейінгі балаларға арналған «Спортшыны таны» онлайн-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау  рәсіміөтті. . Байқауға 64 жасөспірім қатысты, балалар үшін оңай болмады, күрес қызықты өтті. Балалар Instagram-да «Динамо» филиалы жариялаған фото және видео материалдарды қарап,  өз нұсқаларын ұсынды, барлығы дерлік екі, үш спортшының аттарын атады, бірақ барлық сегіздіктерді үшеуі ғана біле алды. Жеңімпаздарымыздың есімдері: Әлихан Ыбырай, Мұрат Рамазан және Мәди Мәдімұхамет. Балалар генералдың қолынан Құрмет грамоталары мен «Динамо»символикасы бар спорттық костюмдер алды. Кездесу соңында балалар атақты спортшылармен және біздің облыстың ең басты полиция қызметкерімен мақтанышпен суретке түсті!