Нұр-сұлтан қаласында Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында ішкі істер министрінің кубогы үшін жауынгерлік қарудан оқ атудан чемпионат өтті. Турнирді ҚР ІІМ арнайы және жұмылдыру дайындығы департаменті мен «Динамо «дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырды.
Жарысқа аумақтық полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жеке есепте ҚР ІІМ ӘПК қызметкері Ақтоты Боранова үздік атанды, екінші орын Қостанай облысы ПД қызметкері Екатерина Детковаға бұйырды, үшінші орын Алматы қаласы ПД қызметкері Наталья Ткаченкоға бұйырды.
Ерлер арасындағы жеке есепте бірінші орынды Ақтөбе облысы ПД қызметкері Самат Сартай жеңіп алды, тұғырдың екінші және үшінші сатысына СҚО ПД өкілдері ерік Құлжанов пен Руслан Тасимов көтерілді. Ал жалпы командалық есепте орындар мынадай тәртіппен бөлінді: 1. Солтүстік Қазақстан облысы ПД командасы; 2. Ішкі істер министрлігінің командасы; 3. Алматы қаласы ПД командасы.