Әскери бессайыстан Ұлттық ұлан біріншілігі өтті

2022 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Ұлттық ұланның Алматы облысы, Қаракемер кентіорналасқан оқу құрамасында әскери бессайыстан Ұлттық ұлан біріншілігі өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Турнирге «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан Академиясының және 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты.

Командалық біріншілікте 1 орынды жалпы саны 10240 ұпаймен 5573 әскери бөлімінің құрама командасы иеленді; 2 орынды 10033 ұпай жинаған Ұлттық ұлан академиясының командасы алды; көшбасшылар үштігін 9590 ұпай жинаған «Орталық» ӨңҚ командасы жапты.

Бессайыс нәтижесінде командалық біріншілікте жеңімпаз атанған елордалық жедел құрама – 5573 әскери бөлімі Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен арнайы Кубокпен марапатталды. Жүлделі 2 орынды – Ұлттық ұлан Академиясы иеленсе, үшінші орын –«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасына бұйырды.

Жарыстың жеке түрлері бойынша үздік нәтиже көрсеткендер:50 метргежүзу жаттығуында –ефрейтор Кенжетайұлы М. («Оңтүстік» ӨңҚ) – 33,08 сек;Ф-1 гранатасын лақтыру жаттығуында –сержант Акаев Ж.Н. (5573 ә/б) – 163,10 ұпай;400 метр арақашықтағы бірыңғай кедергілер жолағынан өту жаттығуында – лейтенант Цуканов В.Н. (5573 ә/б) – 2 мин. 27 сек.;5 шақырымға жүгіруде – лейтенант В.Н Цуканов (5573 ә/б)– 17 мин. 57 сек.

Іс-шара соңындасалтанаттытүрдежарысжүлдегерлерінеқұрметкөрсетілді. Спортшыларкубоктарменжәнеестелікграмоталарменмарапатталды.