Ауыр атлеттерге үміт артамыз

Ауыр атлеттерге үміт артамызТалдықорған қаласында Қазақстан Республикасының IV жазғы Спартакиадасының аясында ауыр атлетикадан турнир аяқталды. Бес күн бойы Жетісу өңірін дүбірге бөлеген жарысқа еліміздің 13 облысы мен 2 қаласынан келген зілтеміршілер қатысты.

«Жастар» спорт сарайында өткен сайыста жанкүйерлер талай қызықтың куәсі болды. Алғашқы болып 56 келі салмақта бақ сынаған ерлер құрамасы арасында Алматы облысының өрені Игорь Сонға тең келер ешкім табылмады. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 256 келі салмақты бағындырған ол алтыннан алқа тағынды. Ерболат Жоламанов – екінші, Тимур Хасаров Жарыстың төртінші күні 77 келі салмақ дәрежесіндегі зілтеміршілер арасындағы тартыс қыза түскен болатын– үшінші орыннан көрінді. 62 келі салмақ дәрежесінде Арли Чонтей шашасына шаң жұқтырмаса, Владимир Абрамов екінші, Игорь Казак үшінші орын иеленді. 69 келі салмақта Ақтөбе өңірінің намысын қорғап жүрген Фархат Харки қоссайыс бойынша 307 келіні көтеріп, бірінші тұғырға жайғасты. Өзге орындарды қызылордалық Қуаныш Рахатов пен алматылық Азамат Рымқұлов бөлісті.

Жарыстың төртінші күні 77 келі салмақ дәрежесіндегі зілтеміршілер арасындағы тартыс қыза түскен болатын. Алайда, өзгелерден 14 ұпаймен алға шыққан Атырау облысының өкілі Нижат Рахимов бірінші орынға тұрақтады. Ол қоссайыста 356 келіні бұйым құрлы көрмеді. Батыр Асраров – екінші, Ренат Одан кейінгі орынға Жасұлан Қыдырбаев жайғасса, үшінші Алмас Өтешовке бұйырдыБаударбеков – үшінші орынды місе тұтты. 85 келі салмақта биылғы Азия біріншілігінің чемпионы Ермек Өміртайдың бағы жанды. Оның көрсеткіші – 376 келі (165+211). Екінші орынға Азия чемпионатының қола жүлдегері Айдар қазов жайғасса, одан бір ұпай кем жинаған Семен Линдер үшінші орын алды. 94 келі салмақ дәрежесінде Илья Ильиннің шәкірті Рүстем Сыбайға лайықты қарсылас табылмады. Қоссайыста 390 келіні еңсерген ол бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал, 105 келіге дейінгі тартысты жанкүйерлер асыға күтті. Себебі, бұл салмақта төрт дүркін әлем және екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин, әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев және азулы Илья Ильинқарсыластың бірі Алмас Өтешов өнер көрсетті. Әрі үшеуі де – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Дегенмен, жұлқа көтеруде 191, серпе көтеруде 240 келіні еңсерген Илья Ильин жеңіпаз атанды. Одан кейінгі орынға Жасұлан Қыдырбаев жайғасса, үшінші Алмас Өтешовке бұйырды.

Әйелдер арасындағы тартыста бағы жанып, бірніші орын иеленген спортшылар:  Александра Лачкова (48 келі), Айгерім Ауылбек (53 келі), Карина Горичева (69 келі), Жазира Жаппарқұл (75 келі) және Надежда Ноғай (75 келіден жоғары).

Сонымен қатар, Талдықорған қаласында мәресіне жеткен Спартакиададан кейін АҚШ-та жалауын көтеретін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жасақталдыСонымен қатар, Талдықорған қаласында мәресіне жеткен Спартакиададан кейін АҚШ-та жалауын көтеретін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жасақталды. Яғни, қарашаның 20-ы мен 29-ы аралығында Хьюстон қаласында өтетін әлем біріншілігінде бас бапкер Алексей Ни мына спортшыларға үміт артып отыр. Ерлер арасында Хьюстонға баратындар: Арли Чонтей (56 келіге дейінгі салмақ), Фархад Харки (62 келіге дейінгі салмақ), Нижат Рахимов ( 77 келіге дейінгі салмақ), Дмитрий Уланов (85 келіге дейінгі салмақ), Жасұлан Кыдырбаев (94 келіге дейінгі салмақ), Алмас Өтешов (94 келіге дейінгі салмақ), Александр Зайчиков (105 келіге дейінгі салмақ) және Селімхан Абубакаров (105 келіден жоғары). Сондай-ақ, Айдар Казов ( 77 келіге дейінгі салмақ) және Ермек Өміртай ( 85 келіге дейінгі салмақ) АҚШ-қа қосалқы құрам ретінде барады. Әйелдер құрамасы арасында АҚШ-қа аттанатын аруларымыз:Ерлер арасында Хьюстонға баратындар Маргарита Елисеева (53 келіге дейінгі салмақ), Карина Горичева ( 63 келіге дейінгі салмақ), Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейінгі салмақ), Светлана ПодобедоваАнна Нұрмұхамбетова ( 75 келіге дейінгі салмақ), Надежда Ногай мен Александра Аборнева (75 келіден жоғары салмақта). Қосалқы құрамда Әсем Садықова (58 келіге дейінгі салмақ) және Екатерина Столяренко (69 келіге дейінгі салмақ) бар.