БҚО Полиция департаменті мен «Динамо» Қоғамының өзара іс-қимылы туралы

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде кеңес өтті, онда құқық қорғау органдары мен «Динамо» Қоғамының өзара іс-қимыл  мәселелері талқыланды. Қоғам төрағасының бірінші  орынбасары Павел Ставкин 2022 жылғы филиалдың қызметі туралы баяндады, оның ішінде мүшелік жарналардың шығындары туралы толық есеп берді. Облыстық «Динамо» Қоғамының төрағасы, БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Махсудин Аблазимов жеке құрамның өміріндегі және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы спорттық бірлестіктің маңызды рөлін атап өтті. «Сондықтан облыс халқының мүддесі үшін біздің өзара іс-қимылдарымызды одан әрі нығайту қажет» — деді «Динамо» Қоғамының Батыс Қазақстан филиалының басшысы.

Кездесу барысында Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының құқық қорғау, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері арасында Президенттік көп сайыстан ҚР ІІМ және «Динамо» ОС  чемпионатына дайындық тақырыбы қозғалды.