Қапшағай қаласында «Динамо» Қоғамының филиалы ашылды

Жаңадан құрылған облыстағы ұйымның жаңа филиалы 2 наурызда өзінің алғашқы отырысын өткізді, онда Президиум құрамы бекітілді, сондай-ақ Алматы облысының «Динамо» ДШҚ төрағасы сайланды. Ол облыс Полиция департаментінің бастығы Аленов Бауыржан Төлегенұлы, полиция полковнигі, бірнеше қоян-қолтық ұрыстан және самбодан ІІМ қызметкерлері арасындағы Республика чемпионаттарының жеңімпазы.

Полициядағы мансабында динамошылар қозғалысын дамытуға белсене қатысқан және бүгінгі күнге дейін қоғамға адал.

«Динамо» — бұл ең алдымен мінезді және өмір салтын тәрбиелеу. Көптеген балалар «Динамо» Қоғамы назарының арқасында өмірден лайықты орын тапты. Спорт кез-келген қоғамның ажырамас бөлігі болу тиіс. Алматы облысы әрдайым спорттық жеңістерімен танымал болды және бүгінгі шараның арқасында біз осы даңқты дәстүрді әрі қарайда жалғастырамыз, сонымен қатар ең бастысы өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға  баулимыз  деп үміттенеміз. Бұл балаларды бір жағынан тәрбиелеу және көшенің теріс ықпалынан алшақтату» — деді Бауыржан Аленов.

Жаңа филиалдың басқару органының құрамына облыстың барлық күштік, арнайы құрылымдары: прокуратураның, ҰҚКД,         ҚР ҰҚК шекарасы қызметінің, Ұлттық Ұланның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Экономикалық тергеу департаментінің, Алматы және Жетісу облыстары бойынша МКҚБ ММ, ҚАЖД, ТЖД басшылары кірді. Президиум қатысушылары қатарында – облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Нұрбахыт Теңізбаев, Олимпиада ойындарының жүлдегері, «Динамоның» көп жылдық мүшесі.

(солдан оңға қарай): Асқар Омарқұлов, Бауыржан Әленов (Алматы облысының ПД бастығы), Нұрбақыт Теңізбаев (Алматы облысының спорт басқармасының бастығы)

«Динамо» Қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов бұл оқиғаны тарихи және «Динамо» Қоғамы көптеген ұлдар мен қыздар үшін өмірге жолдама болғанын атап өтті. «…Сондықтан «Динамоны» жас ұрпақты тәрбиелеу процесінің негізгі қатысушыларының бірі ретінде қабылдау қажет».

Асқар Омарқұлов жаңадан құрылған филиалдың Президиум төрағасы мен мүшелеріне табыс тіледі.