13 желтоқсанда осы жылы жоғары нәтиже көрсеткен динамошы- спортшыларын құттықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Биылғы жыл көптеген спортшылар үшін оңай болмады. Олимпиадалық рейтингті басқарған, штаттық спорт командасының әскери қызметшісі Абиба Абужакынова жыл басында алған жарақатынан кейін біріншілікті ұстай алмады және ұзақ уақыт «саптан» шығып қалды. Күзде ғана Қытай Азия ойындарында «күмісті» жеңіп алып, олимпиадалық лицензияны иеленуге дайын екенін көрсетті.
Парижге олимпиадалық жолдама алған, Тәуелсіз Қазақстанның спорттық тарихын қайта жазған ҚР ҰҰ мерзімді қызметінің әскери қызметшісі Ризабек Айтмұхамет пен штаттық спорт қомандасының мүшесі, лейтенант Азамат Даулетбеков үшін жыл сәтті өтті.
Садақшы Ильфат Абдуллин, штаттық спорт командасының мүшесі биылғы жылы да жетістіктерге қол жеткізді. Лицензияны жеңіп алған облыс өкілі Токиодағы олимпиада ойындарында тағы да тағдырын сынауы керек. Парижде жақсы нәтижелерге жетеді деген үміттеміз.
Азия ойындарының чемпиондары Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров – отандық байдарка мен каноэде есу мектебінің жарқын жас өкілдері. «Динамо» қоғамының мүшелері қазақстандық спорттың барлық жанкүйерлері оларға қандай үміт артатынын түсінеді.
Салтанатты қабылдауға қатысқан көптеген адамдар сияқты және жеке өзі қатыса алмағандар. Олардың арасында олимпиадалық лицензияның толық иегері, ҚР ҰҰ штаттық спорт командасының мүшесі, гимнаст Милад Карими, сенсация тудырған және әлемдік семсерлесу көшбасшыларының қатарына енген және олимпиадалық лицензия үшін аянбай күресетін команда да бар. Дәл осындай күресте Азия ойындарының жүлдегерлері дзюдошылар Мағжан Шамшадин мен Шерхан Нұрлыхан бар.
Олардың барлығын ұлттық спорт федерациялары, сондай-ақ «Динамо» қоғамы қолдайды,
Мереке қонақтары белгілі қоғам қайртакерлері, Олимпиада чемпиондары, түрлі күштік және арнайы құрылымдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауржан Абжан болды.
Кеш ҚР Ұлттық ұланының «Генерал» тобының сүйемелдеуімен, көркемдік жетекші Евстратенко Еленаның, сондай-ақ белгілі әртістердің жетекшілігімен француз стилінде өтті және алдағы Париждегі Олимпиада ойындарына арналды.