Республика күні қарсаңында ҚР ІІМ залында салтанатты іс-шара өткізілді

Іс-шараға қатысушыларды Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ержан Саденов құттықтады. Республика күні қарсаңында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде ҚР ІІМ қызметкерлері мен әскери қызметшілері болып табылатын «Динамо» қоғамының спортшылары да бар.

Сонымен, күрестен әлем чемпионатының жүлдегері және жеңімпазы Айтмұхан Ризабек және Азамат Даулетбеков, 2022 жылы Азия ойындарының чемпиондары Федоров Евгений және Емельянов Сергей, Азияда жүлдегерлері Карими Милад, Алимжанов Эльмир, Курбанов Руслан, Назарбай Сатархан және Құнқабаев Қамшыбек, сондай-ақ жауынгерлік самбодан әлем чемпионы Қойшыбаев Еламан болды. Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.