Динамошылар – ат үстінде!

Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023
 
Астана қаласында өткен Grand Slam сериясының турнирінде динамошы Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Олимпиадалық рейтингтің 10-шы орында тұрған қазақстандық финалда болашақ Олимпиада ойындарының-2024 иесі – ел өкілі Револ Седрикті жеңді.
 
Қазақстандық құрамасы жарыс қорытындысы бойынша қола медальдар саны бойынша Жапония командасынан озып, турнир кестесінде 4-орынға ие болды. Жоғары орындарға Испания, Италия және Франция құрамалары орналасты.
 
Спорттық гимнастика
 
Нариман Құрбанов Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында спорттық гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды. Спортшы ат үсті жаттығуларында ең үздік болды.

Бір күн бұрын Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров және Ілияс Азизовтан құралған қазақстандық құрама 

командалық есепте алғаш рет құрлық біріншілігінің қола медалін жеңіп алып, тарихи марапатқа ие болды. Бірінші орынды – Қытай спортшылары, екінші орынды – Жапония құрамасының өкілдері иеленді. Жеңіп алған медаль қазақстандықтарға күзде әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді.