«Динамо» және Халықаралық балаларды қорғау күні

Ешкім назардан тыс қалмады…

Әдеттегідей, «Динамо» Қоғамында маусымның басы — өте қауырт кезең. Ол көптеген жылдар бұрын динамолық ұжым өзіне жүктелген жауапты міндетпен байланысты. Халықаралық балаларды қорғау күнінде жүздеген ұлдар мен қыздар еліміздің  барлық облыстарында «Динамо» қоғамының басты қонақтары болуда.

Биылғы жылда солай болды. Спорттық бұқаралық және мерекелік іс-шараларға: балалар ойындарына, спорттық жарыстарға және қойылымдарда «Динамо» – Қазақстан  балаларына» қайырымдылық шеңберінде 5 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Республиканың Ішкі істер министрлігімен және оның аумақтық департаменттерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде мерекеге қарамағындағы балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері, қолайсыз, көп балалы және басқа да әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жасөспірімдері, сондай-ақ ювеналдық полиция бөлімдерінде есепте тұрған жасөспірімдер тартылды. Іс-шараға қатысушылардың қатарында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларының балалары да бар.

Дәстүр бойынша, бір күнде бір уақытта барлық филиалдарда «Жас Динамо» марафоны өтті.  Ең жаппай іс-шара қоғамның Астана және Шымкент филиалдарында өтті. Оларға сәйкесінше 680 және 590 бала қатысты.

Алматы бұрынғыдай көшбасшы болып қала береді: «Динамо» стадионында 1150 бала, олардың ішінде – жоғарыда аталған санаттардың  балалары жиналды. Әртүрлі құрылымдар мен ведомостволар қызметкерлерінің балалары: ҚР ІІМ МКҚБ, ҚАЖД, Шекара академиясы және т.б., сондай-ақ «Жас Динамо» спорт секцияларының тәрбиеленушілері белсенді көмекші болып, көрнекі қойылымдарда қз шеберліктерін көрсетті.

Олардан басқа, спорттық ойын-сауық іс-шараларға «Жас полиция», «Арыстан», «Жас шекарашы» кадет сыныптары мен лицейлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Мерекеге алғаш рет Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» мектебінің, сондай-ақ ҚР ІІМ ҰҰ жанындағы «Жас Сарбаз» курсанттары қатысты. Ойын-сауық бағдарламасында Алматы эстрада-цирк колледжінің студенттері өнер көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

Мерекеге шақырылған барлық қатысушыларға қоғам филиалдарында жүлделер, сыйлықтар мен тәттілер дайындалды.

 

Филиалдарда «Жас Динамо» марафоны қалай өтті…

Жетісу облысы

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

 

 

 

 

 

 Жамбыл облысы

 

 

 

 

 

 

Батыс-Қазақстан облысы