ІІМ мен «Динамо» қоғамының Х спартакиадасы самбо бойынша жарыстармен аяқталды

Қазан айының 19 мен 21 аралығында Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы «Халық арена» спорттық кешенінде ІІМ Х спартакиада, «Динамо» ДШСҚ ҚҰ Х ведомствоаралық спартакиада шеңберінде самбодан жарыс өткізілді. Жарысқа 31 команда, 217 спортшылар, сонымен қатар әлем чемпионаттарының 5 чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық сыныптағы 9 шеберлер мен спорттың еңбек сіңірген шебері қатысты. Полиция департаменттері арасындағы жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы 1-ші орынды, 2-ші орынды Астана қаласының командасы, 3-ші орынды алматылықтар алды.

«Динамо» қоғамының ведомствоаралық спартакиадасының қорытындысы төмендегідей болды:

Жеңімпаз – ІІМ командасы, 2 орын – «Динамо», ҚР ҰҰ жарыстың үштігіне ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, медальмен, дипломдармен, сондай-ақ сыйлықтармен марапатталды.