«Динамо» ДШСҚ ҚБ Х Ведомствоаралық спартакиадасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Ауыспалы Кубогына арналған шағын футболдан турнир бас жүлденің жаңа иегерін анықтады.
Бағдарламаға республиканың түрлі министрліктері мен ведомстволарының атынан 17 команда қатысты. Олардың қатарында жарысқа алғаш рет қатысушылар – ҚР МКҚ Ерекше мақсаттағы күштері, Мемлекеттік фельдегерлік қызметі, «Динамо» ДШСҚ командасы, ҚР ҚМ АОСК бар.
Турнирдің ашылу-жабылу салтанатына құрметті қонақтар – белгілі олимпиада спортшылары, сондай-ақ «Қайрат» ФК ардагерлері: Сеилда Байшақов, Михайл Гурман, Құралбек Ордабаев, Ермахан Ибраимов, Дмитрий Баландин, Василий Левит, футзалдан «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков қатысты. Жарысты Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров ашты.
Қатысушылар үшін арнайы сыйлықтар дайындалды: теледидарлар және футзалдан «Қайрат» ФК ойыншыларының қолтаңбасы бар доптар, «Динамо» спорттық формалары, медальдар мен дипломдар.
Турнирдің фавориттері – ҰҚК командалары (былтырғы турнирдің жеңімпазы) және Бас прокуратура жарыс барысында шет қалды: көп жағдайда оларға жаңадан келгендер тосқауыл болды. Нәтижесінде жүлделі орындар үшін күресті 4 команда жалғастырды: ІІМ, «Динамо», Ұлттық Ұлан және МКҚ.
Полицейлер мен динамошылар қатысқан соңғы жекпе-жекте барлығы матчтан кейінгі пенальти сериясында шешілді, өйткені негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды. Трофейдің тағдырын қарсыластың шешуші соққысын көрсеткен ІІМ командасы қақпашысының ойыны анықтады.
Осылайша, ІІМ командасы Кубоктың жаңа иегері атанды, екінші орынды «Динамо» Қоғамының өкілдері, үшінші орынды Ұлттық Ұлан иеленді.
Сондай-ақ «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы, «Үздік бомбардир», «Үздік қорғаушы» «Ең нәтижелі ойыншы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.