«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз!» деген Бауыржан Момышұлы атамыз.
Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында биыл Павлодар қаласындағы №24 орта мектебінен «Жас полицейлер» кадет сыныбы ашылды. Оқу бағдарламасына құқықтану, ҚР заңдылықтарымен танысу, сондай ақ сапқа тұру, түрлі жаттығулар енгізілген. сабақтары, Сабақты ішкі істер бөлімдерінде еңбектерінде қызмет ететін тәжірибелі қызметкерлер беретін болады. Сабақ негізгі оқу бағдарламасын кедергі келтірмейтіндей аптасына 1 рет өткізіледі. Жас кадетшілер тәртіп сақшыларымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесетін болады.