Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
Президент жолдауымен 2022 жыл сәуір айының 22 – 24 аралығы «Балалар жылы» аясында Дзюдодан 2009 – 2010 ж.т. кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Жас динамошылар» Республикалық турнирі өтті. Байқауға 500 – ге жуық спортшы қатысып, ұлдар арасында 29,32,35,38,42,46,50,55,60,+60кг, қыздар арасында 24,28,32,36,40,44,48,+48 кг салмақта күресті. Әр өңірден, атап айтар болсақ: Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған жас динамошылар бақ сынады.
Жеңімпаздар жүлделі орындармен, медальмен және сыйлықтармен марапатталды.