2022 жылдың 4 наурызында Қызылорда облысының полиция Департаменті мен «Динамо» Қызылорда облысының филиалы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған ішкі істер органдары әйел қызметкерлерінің арасында «Макаров» тапаншасынан ату жарысын өткізді. Жарысқа 16 командалар қатысты. Қызылорда облысының полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ш.Амитов пен «Динамо» ҚОФ бөлім бастығы А.Аскаров жарыстың ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Жарыстың қорытындысымен жекелей сында 1-ші орынға полиция подполковнигі Б.Самратова, 2-ші орынға полиция майоры М.Бегалиева және де полиция майоры Г.Есенжолова ие болды. Командалар арасында 1-ші орынға жылдам қимылдайтын арнайы жасағы, 2-ші орынға Қазалы аудандық полиция бөлімі және 3-ші орынға Арал АПБ-мі ие болды. Жүлдегерлерге Департамент пен Динамоның кубоктарымен, грамоталарымен, үш дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған Қызылорда облыстық ішкі істер органдары әйел қызметкерлерінің арасында «Макаров» тапаншасынан ату жарысы
- 5 марта, 2022
- 11:03 дп