2023 жылғы 29 желтоқсанда Алматы қаласында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Еліміздің ұлттық құраманың мүшелері болып табылатын 17 спортшы – динамошылары мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ретінде әскери ант берді.
Іс-шара бөлім командирі полковник Оспанбеков Бағдаулеттің және «Динамо» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловтың қатысуымен өтті. Олар жаңа шақырушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қатарында қызметті абыроймен атқаруға тілек білдірді.