Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталды.

Грек-рим күресі бойынша  жарыстың бірінші күні динамошылар жеңістермен көрінді: 55 келі салмақ дәрежесінде Мұқшев Марлан алтын медаль жеңіп алды; 63 кг салмақта — МамурбековМұхамедали.97 кг санатында Сырлыбай Олжас чемпион атанды. Грек-рим жарысы бойынша жарыс Спартакиаданың екінші күнідежалғасты. 

«Динамо» Қоғамының өкілдері бұл жолы да ерекшеленіп, үш алтын медальды иеленді. Чемпиондар: Сабырбек Айбек (60 кг), Кебеспаев Алмат (67 кг) және Садықов Азат (77 кг).

Жексенбі күні әйелдер арасындағыжеңімпаздар анықталады.