2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, динамолық спортшы Юлия Галышева Алматыда өткен фристайл-могулдан әлем чемпионатында «күміс» жүлдегер атанды. Жарыстың финалында Галышева 79,52 ұпаймен екінші орында болды. «Мен жақсы ауа-райына сендім. Алайда, ауа-райының күтпеген өзгеруі қиындық келтірді. Мен жеңіске жетемін деп ойладым. Бірақ қателік жібердім. Дегенмен де менде «қола», «күміс», «алтын» медальдер жиынтығы бар екеніне қуаныштымын. Әлем чемпионаты жалғасуда. Ертең параллель могул. Онда шайқас одан да ауыр болады», — деді Галышева.
Динамолық спортшы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан фристайл бойынша әлем чемпионатында 2-орын алды.
- 10 марта, 2021
- 12:14 пп