Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында «Динамо» ДСҚ біріншілігіне Ақмола облысының құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарының әйел қызметкерлері арасында облыстық қалалық , МКҚБ ММ, ҚАЖД Полиция департаменттері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметтері атынан орыннан секіріп жүгіруден, Марголина тапаншасынан атудан және кешенді –күштік жаттығулардан жарыс өткізілді. Осындай «әйелдер» жарысы барысында шыныққан және мергендер анықталатын жарыс өткізу дәстүрге айналды. Ақмола облысының құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың «Әйелдер жағы» сенімді түрде өздерінің денешынықтыру және жауынгерлік даярлығын көрсетті. Күрес нәтижесінде үздік мерген (ПД ӘПБ) Диния Байдракова болды, ол 50 ден 47 ұпай алды. Кешенді – күштік жаттығуларды орындауда Айдана Ақтамбай (ПД аппараты) бірінші болды, Диана Мукумова (ПД ӘПБ) жүгіру мен секіруден үздік болды. Жарыстың қорытындысы бойынша Полиция департаменті аппараты қыздары бірінші жалпы командалық орынға, ал екінші орынға ПД ӘПБ қыздары, үшінші орынға МКҚБ ММ қыздары ие болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің әйел қызметкерлері «Динамо» спорттық қоғамының «Еркіндікпен жеңіске» айырықша грамотасымен атап өтілді. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңындағы іс шара құттықтаулар мен сыйлықтар табыстаумен аяқталды.