Астана қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған сайыс қорытындысында динамолық спортшылар арасынан Екатерина Айдова үздік өнер көрсете алды. Ол әйелдер арасындағы бәсекеде көп сайыс нәтижесі бойынша төртінші орын иеленді.
Ерлер арасында бақ сынаған динамолық спортшылар – Дениз Кузин мен Роман Креч те жүлделі орыннан көрінбеді. 1000 метрлік сайыста ғана 6-шы орыннан көрінген Денис Кузин, төрт сайыс қорытындысы бойынша 11-ші орынға тұрақтады. Ал, алғашқы күнгі 500 метрлік сайыста 4-ші болып келген Роман Креч, көп сайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға жайғасты.