
«Динамо» ДШСҚ ұйымдастырған ҚР Ішкі істер министрінің Кубогына арналған турнирге қатысушылар кез келген қарсыластың алдында өзара құрмет және батылдық ниетін көрсетті.
Турнирді аша отырып, «Динамо» қоғамының төрағасы полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов спорттың қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтті және үлкен теннис мерекесіне жиналғандардың барлығына алғысын білдірді. «Динамо» іс-шарасының қонақтары арасында – осы турнирге жыл сайынғы мәртебе беруді ұсынған Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов; Бас прокуратураның өкілі Сабит Нұрлыбай, еліміздің Теннис Федерациясының вице-президенті Диас Досқораев, сондай-ақ бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай бар.


Сонымен қатар, турнир қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда үздіктер анықталды.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамының медальдарымен және жүлделерімен марапатталды.